Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Кездесу барысында елордалық команда ойынды белсенді бастады. Нәтижесінде 12-минутта әріптестері Әлихан Өмірбеков пен Әлихан Әсетовтің берген пасын «Барыс» хоккейшісі Кирилл Панюков голға айналдыра білді.
Одан кейін «Салават Юлаев» сапынан Александр Хмелевски 16-минутта таразы басын теңестіріп кетсе, 28-минутта Нэйтан Тодд ресейлік клубты алға шығарды.
Ал 30-минутта қазақстандық командадан Әлихан Өмірбеков таразы басын теңестіргенмен, 33-минутта Егор Сучков қайтадан «Салават Юлаев» командасының басымдығын арттырды.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.
