«Торпедо» (Нижний Новгород) ҚХЛ тарихында тұңғыш рет бір матчта 10 шайба соқты. Бұған дейін ең көбі «Витязь» қақпасына 9 шайба соғылған еді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Бұл жолы есе жіберген - «Барыс». Ойын нәтижесі - 1:10.

Астаналықтар қатарынан жалғыз гол авторы Антон Бурдасов болды.

Енді «Барысты» сырт алаңда бірнеше ойын күтіп тұр. Қарсыластар: «Спартак», «Авангард», «Автомобилист».