Башқұртстан Республикасы кубогы аясында «Барыс» соңғы матчын өткізіп, Тольяттидің «Лада» командасын жеңді, деп хабарлайды Sport+.

Кездесу Қазақстан командасының пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. «Барыс» сапынан Ансар Шайхмедденов пен Семен Симонов шайба соқты.