«Барыс» хоккей клубы команданы жаңа маусымда жаттықтыратын бапкерлер кеңесін таныстырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Команданың бас бапкері – Дэвид Немировски. 

Қазіргі таңда бапкерлер кеңесіне төмендегі мамандар енді: 

Евгений Королев, Талғат Жайлауов, Макс Маркович және хоккейшілердің физикалық дайындығына жауап беретін Стив МакГичи.

Бұған дейін астаналық клуб сапына ресейлік ойыншы Дамир Жафяров қосылған болатын. Оның келісімшарты бір жылға жарамды.