Беларусьтік 59 жасар маман Игорь Матушкин Швецияның 18 жасқа дейінгі «Бринкенс» командасының бас бапкері болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Матушкиннің соңғы жұмыс орны 2022-2023 жылдары аралығында Астананың «Барыс» командасы болды.
Оған дейін Матушкин Швецияның Tegs SK, IF Björklöven, Piteå HC, Vännäs HC және Spånga IS J20 командаларында жаттықтырушы болып жұмыс істеді.
2010-2013 жылдары аралығында Минскінің «Динамо» клубының бас менеджері болды.
Сонымен қатар, КХЛ-да «Торпедо» және Ярославльдің «Локомотив» командаларында жаттықтырушы болды. Матушкин Қазақстан құрамасының да жаттықтырушысы қызметін атқарған.
