«Спорт қоры» спортты қолдау қоры «Барыс» хоккей клубының бас менеджері Борис Иванишевтің отставкаға кеткенін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan. 

«Барыс» маусымның басында сәтсіздікке ұшырап, 14 ойында тек 2 жеңіске жетті. Қазіргі таңда олар Контининталды хоккей лигасының «Шығыс» конференциясының турнир кестесінде соңғы орында тұр.