Тәжірибелі канадалық қорғаушы Алекс Грант астаналық «Барыс» клубына қайта оралды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Еске салайық, өткен маусымда 35 жастағы ойыншы «Барыс» сапында өнер көрсеткен болатын, алайда көп уақытын жарақат алып, лазаретте өткізді. Ол ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатында 8 матчқа қатысып, 2 (1+1) ұпай жинаған еді.
