15 тамызда Алматыда баскетболдан медиа лиганың алғашқы тартысты ойындары өтті. Алаңда кәсіби ойыншылар мен медиа жұлдыздар тоғысып, эмоция мен шеберлік, шоу мен жеңіске деген ұмтылыс қатар өрбіді.
Енді екінші топтың ойындары басталады. В тобының матчтары 16 тамыз күні sportplustv.kz сайтында тікелей эфирде көрсетіледі.
Трансляцияның басталуы — сағат 16:00–де.
