Қазақстан әйелдер құрамасы 3х3 баскетболдан Азия чемпионатының іріктеу турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Сингапурдағы сайыста отандық ойыншылар Мальдив командасын 17:11 есебімен және Таити құрамасын 14:10 нәтижесімен жеңді.

Шешуші матчта Қазақстан құрамасы негізгі кезеңге өту үшін Филиппин командасымен кездеседі.