Баскетболдан Қазақстан құрамасы Азия кубогінің іріктеу кезеңін жеңістен бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

"Сарыарқа" велотрегінде өткен баскетбол бәсекесінде Қазақстан командасы Үндістан ұжымын 63-50 (13:16; 18:10; 13:7; 19:17) есебімен жеңді.

Қазақстан баскетболшыларынан Рустам Мырзағалиев ерекшеленді. Ол ойын барысында 18 ұпай жинаған.

26 ақпан күні ұлттық құрама сырт алаңда Катар құрамасымен кездеседі.