Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Шанхайндағы (Қытай) Челленджер турнирінде жарыс жолын бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Оның алғашқы қарсыласы Аджит Раи (Жаңа Зеландия). Алғашқы сет сәтсіз болғанымен, Жукаев 2:6, 6:3, 7:6 есебімен матчта жеңіске жетіп, екінші айналымға өтті.
Бейбіттің келесі қарсыласы Томас Барриос (Чили) – Фацзин Сунь (Қытай) кездесуінде жеңімпаз атанған спортшы болмақ.
