Бейбіт Жұқаев Илкли (Ұлыбритания) челленджер турнирінің іріктеу кезеңінің финалдық ойынын сәтті өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық теннисші әлемнің 190-ракеткасы, бельгиялық Йорис Де Лорені айқын басымдылықпен ұтты – 6:3, 6:1.

Осылайша, Бейбіт жүлде қоры 148 625 еуроға бағаланған негізгі жарысқа жолдама алды.