Бейбіт Жұқаев (ATP 197) Қытайдың Чэнду қаласында ATP 250 санатындағы турнирге іріктеу кезеңін сәтті бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстандық спортшы іріктеудің бірінші кезеңінде испаниялық Моро Каньясты (153 ATP) 7:6 (7:5), 6:4 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 40 минутқа созылды.
Турнирдің негізгі ойынына жолдама алу үшін Жұқаев аргентиналық Августин Гомеске (174 ATP) қарсы ойнауы тиіс.
