Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Вашингтонда (АҚШ) өтіп жатқан ATP 500 турнирінің іріктеу кезеңінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз шешуші бәсекеде италиялық Андреа Ваввасоримен шеберлік байқасты.

Матч үш сетке созылып, Бейбіт Жұқаев 7:5, 6:7 (9:11), 6:4 есебімен басым түсті. 

Айта кетейік, Бейбіт турнирдің негізгі бөлімінің бірінші айналымында Франция теннисшісі Александр Мюллермен өзара мықтыны анықтайды.