Шымкент қаласында «Alash Pride» 117 турнирі өтті.

Турнирдің басты жекпе-жегінде ММА бойынша әлем чемпионы, лиганың уақытша чемпиондық белбеуінің иегері Бекзат Жасия кәсіби мансабындағы 9 жеңісіне қол жеткізді.

Бекзат екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Жасияның кәсіби рекорды 9–1 болып жаңарды.