Қазіргі бессайыстан Қазақстан құрамасы  Хвасондағы (Оңтүстік Корея) Азия чемпионатын сәтті аяқтады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Қазақстандық спортшылар үш жүлде иеленді:

Темірлан Әбдраимов қола жүлдегер атанса, командалық сайыста ерлер құрамасы күміс, әйелдер ұжымы қола медаль еншіледі.