Алғаш рет биатлоннан әлем чемпионатының эстафетасында Қазақстан ерлер құрамасы үздіктер қатарына енді, деп хабарлайды sportplustv.kz.

Германияның Оберхов қаласында ерлер арасында 7 шақырымдық эстафета өтті. Бұл жарыста еліміздің спорттық намысын Александр Мухин, Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Никита Акимов қорғады.

Әлем чемпионатының төрт кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан Ұлттар кубогы рейтингінде 12-орынға көтерілді.