Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Харбинде (Қытай) өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап..

Олар ел намысын мұздағы би бағдарламасында қорғады. Ал 12 ақпанда спортшылар еркін би бағдарламасы бойынша өнер көрсетті.

Датиев пен Наурызова 87,14 ұпай жинады. Жалпы ұпай саны 142,16-ны құрап, олар қорытындысы бойынша бесінші орынға орналасты.

Алтын медальді Жапонияның жұбы Утана Ёшида мен Мамая Морита иеленді – 173,31 ұпай. Екінші орын Қытайдың Юнфей Рен мен Чжанинь Ксинь жұбына бұйырды – 171,25 ұпай. Қола медаль жапондықтар Азуса Танака мен Шинго Нишиямаға берілді – 163,71 ұпай.