Қазақстандық боксшы Жаңқош Тұраров өзіне тағылған айыпқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Үш қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын. Қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім, қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын.
Маған таңертеңнен бері миллион хабарлама келді. Өзім таңғалып отырмын, бұл ақпарат жалған. Бұл - жала жабу! Мен тексерілмеген, жалған ақпарат таратқаны үшін БАҚ өкілдерінің үстінен де арыз жазып, сотқа жүгінемін», - деп жазды Instagram парақшасында.
