Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Жұмағали Нұрмахан Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық былғары қолғап шебері 50 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Жұмағали финалда үндістандық Сингх Мойбунгхонгбамды айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша ол ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медальді салды.