Бокстан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Үндістанда өтетін Әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысатын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Ерлер құрамасы:

— 50 келіге дейін: Нұрзат Оңғаров

— 55 келіге дейін: Нұрсұлтан Алтынбек

— 70 келіге дейін — Нұрбек Мұрсал

— 75 келіге дейін: Аман Қонысбеков

— 80 келіге дейін: Санжарәлі Бегалиев

— 85 келіге дейін: Сұлтанбек Айбарұлы

— 90 келіге дейін: Бекзат Таңатар

— 90 келіден жоғары: Даниял Сапарбай

Әйелдер құрамасы:

— 48 келіге дейін: Ақбота Болат

— 51 келіге дейін: Жансая Рахымберді

— 57 келіге дейін: Ұлжан Сәрсенбек

— 80 келіге дейін: Диана Мағауияева

— 80 келіден жоғары: Әсел Тоқтасын

Әлем кубогының финалдық кезеңі 16-20 қараша аралығында өтеді.