Бокстан елімізде өтетін Әлем кубогының кезекті кезеңіне қатысатын қазақстандықтардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Еске сала кетейік, Әлем кубогы 30 маусым мен 7 шілде аралығында Астанада өтеді.

Ерлер:

— Санжар Тәшкенбай (50 келі)

— Махмұд Сабырхан (55 келі)

— Серік Теміржанов (60 келі)

— Ертуған Зейнуллинов (65 келі)

— Абылайхан Жүсіпов (70 келі)

— Сабыржан Аққалықов (75 келі)

— Нұрбек Оралбай (80 келі)

— Бекзад Нұрдәулетов (85 келі)

— Сағындық Тоғамбай (90 келі)

— Айбек Оралбай (+90 келі)

Әйелдер:

— Назым Қызайбай (48 келі)

— Алуа Балқыбекова (51 келі)

— Әнел Сақыш (54 келі)

— Айдана Забынбекова (57 келі)

— Виктория Графеева (60 келі)

— Аида Әбікеева (65 келі)

— Наталья Богданова (70 келі)

— Надежда Рябец (75 келі)

— Гүлсая Ержан (80 келі)

— Елдана Тәліпова (+80 келі)

Айта кетейік, турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.