Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бапкерлер штабы Бразилияда өтетін Әлем кубогының бірінші кезеңіне қатысатын спортшыларды анықтады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

World Boxing ұйымының аясында өтетін турнирде еліміздің намысын келесі боксшылар қорғайды:

— 50 келіге дейін — Нұрзат Оңғарұлы

— 55 келіге дейін — Нұрсұлтан Алтынбек

— 60 келіге дейін — Талғат Сырымбетов

— 65 келіге дейін — Алмат Абдуәлі

— 70 келіге дейін — Дархан Дүйсебай

— 80 келіге дейін — Диас Молжігітов

— 85 келіге дейін — Дәулет Төлемісов

— 90 келіден жоғары — Даниял Сапарбай

Жарыс 30 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді.