Қайрат Сәтжанов бокстан ерлер арасындағы Қазақстан жастар құрамасына аға жаттықтырушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қайрат Сәтжанов жаңа қызметінде Әділ Басығараевты алмастырды. Қайрат Тұрсынқанұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
2011-2019 жылдар аралығында Қазақстан жасөспірімдер құрамасын жаттықтырған. 2013 жылғы Әлем чемпионатында 2 алтын, 1 күміс, 5 қола еншілесе, 2015 жылғы дүниежүзілік додада 1 алтын, 1 күміс, 3 қолаға қол жеткізген. 2019-2021 жылдары жастар құрамасының аға бапкері болды.
2021 жылғы Әлем чемпионатында 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Ал 2021-2022 жылдар аралығында ұлттық құраманың бас бапкері болып, 2021 жылғы дүниежүзілік додада 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен жалпыкомандалық есепте екінші орынды әперді.
