Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, Әлем және Азия чемпионатының финалисі, Қазақстанның құрметті спорт шебері Дулат Бекбаев RD Promotion турнирінде Алматыда екінші кәсіби жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sport+.

Қазіргі кезде оның кәсіби рекорды 1-0, жеңіс нокаутпен алынды.

Турнир 20 желтоқсанда Алматыда өтеді. Тікелей эфирде SPORT+ арнасынан көрсетіледі.