Елордалық «Барыс» клубының шабуылшысы Всеволод Логвин Қазақстан азаматтығын ресейлікке ауыстырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл ақпарат Континенталдық хоккей лигасының ресми сайтында жарияланды.

Логвин «Барыс» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Өткен маусымда ол Андрей Скабелка басқаратын негізгі команда құрамында КХЛ-да дебют жасап, 24 матчта екі шайба соқты.

Маусымның екінші жартысын ол АҚШ-тың «Три-Сити Сторм» командасында өткізді.