Қазақстандық файтер, NAIZA лигасының чемпионы Болат Заманбеков чемпиондық белбеуін қорғады.

Еламан Саясатовпен болған жекпе-жекте төрешілер екінші раундта айқасты тоқтатты. Еламанның тыйым салынған тіземен жасаған соққысынан кейін Болат жекпе-жекті жалғастыра алмады.

Нәтижесінде Заманбеков қарсыласын дисквалификация арқылы жеңіп, чемпиондық белбеуін сақтап қалды.