Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 24 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Трактор» (Челябі) командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.

Екі команда бұған дейін 59 мәрте кездескен. Оның 31-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласынан басым түсті. Қазір турнир кестесінде «Барыс» 21 ұпаймен 22-орында тұрса, «Трактор» 50 ұпаймен 4-орында келеді.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі бір ойынын қатарынан елордада өткізіп, 26 желтоқсанда «Cибирь» (Новосібір) клубымен шеберлік байқасады.