Американдық шабуылшы Чейз Де Лео Швейцария чемпионатының «Цюрих Лайонс» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sport+.

Осы маусымды Де Лео «Барыс» сапында бастап, ҚХЛ-де 9 ойын өткізгенімен, нәтижелі әрекеттерімен көзге түсе алмады. Клуб басшылығының өзгеруінен кейін «Барыс» американдық ойыншымен келісімшартты бұзды.