Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер, «Alash Pride» лигасының чемпионы Ансар Қасымжанов Fight Night турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды Sport+.  

Турнир 21 ақпанда Сочиде өтеді. Басты жекпе-жекте қазақстандық Гойти Дазаев лига белбеуі үшін Дмитрий Бикревпен реванш өткізеді.