Дамир Исмагулов келесі жекпе жегін «Наше Дело» лигасында өткізеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Исмагулов кикбоксинг ережесі бойынша өнер көрсетеді, ал қарсыласы жеңіл салмақтағы АСА гран-приінің жеңімпазы - Эдуард Вартанян.
Вартанян соңғы кездесуін осы гран-при финалында өткізген еді, сол кезде ол қазақстандық Артем Резниковты жеңген. Исмагулов болса қатарынан екі жеңілістен соң UFCден шығып қалды.
