Батыс Қазақстан облысының боксшысы Даниял Сәбит Қарағандыда өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.

Финалда 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сәбит Ақтөбе облысының боксшысы Бекзат Алдамжаровпен кездесті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Даниял сенімді жеңіске жетті.

Айта кетейік, Сәбит — 2021 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.