Қазақстандық Данил Васильев Польшадағы (Висла) трамплиннен шаңғымен секіру бойынша Гран-при сериясының кезеңінде табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+.

Біздің спортшы жеке жарыстарда күміс медальді жеңіп алды.

Жеңісті Австриядан Никлас Бахлингер иеленді. Үшінші орынды Болгариядан Владимир Зографски алды.