Қазақстандық теннисші Анна Данилина Мароккодағы Рабат қаласында жұптық разряд турниріндегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қытайлық спортшы Сюй Ифаньмен жұптасқан қазақстандық спортшы беларусиялық-голландиялық дуэт Лидия Морозова — Аранча Русқа қарсы ойында екі сетте 6:3, 6:2 есебімен сенімді жеңіске жетті. Кездесу бір сағат бес минутқа созылып, 1/8 финалдық кезеңде өтті.

Енді ширек финалда Ван Сиюй (Қытай) — Хэрриет Дарт (Англия) жұбымен кездеседі.