Қазақстанның жұптық рейтингіндегі бірінші ракеткасы Анна Данилина қытайлық Сюй Ифаньмен жұптасып, Марокконың Рабат қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ширек финалда олар британ-қытай жұбы Хэрриет Дарт – Сю Ванды 0:6, 6:3, 10:7 есебімен жеңді.
Финалдық матчқа шығу құқығы үшін Данилина мен Ифань енді жапондық Эри Ходзуми – Макото Ниномиямен кездеседі.
