Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен жұптық разрядта Мексикада өтіп жатқан WTA 500 турнирінде US Open алдындағы дайындықтан өтуде, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бірінші раундта қазақстандық-ресейлік дуэт Амандин Эсс (Франция) және Виктория Родригес (Мексика) жұбын 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына шықты.

Данилина сонымен қатар турнирдің жекелей сынына да қатысып, іріктеуден сәтті өтті.