Қазақстандық жауынгер Дәурен Ермеков өзбек спортшысы Фаридун Одиловке ACA 203 турнирінде жеңіліп қалды.

Жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен аяқталды — 30-27, 30-27 және 29-28 есебімен Фаридун Одилов жеңіске жетті.