Астанада теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Дэвис кубогы аясында Монако командасына қарсы кезекті ойынын өткізді. 

Жарыстың екінші күнін Александр Бублик пен Бейбіт Жұқаев бастап, олар Роман Арнеодо / Уго Нис жұбына қарсы кортқа шықты.

Кездесу қорытындысы бойынша қарсылас жұп жеңіске жетті. Ойын 7:6, 6:7, 6:7 есебімен аяқталды. Осылайша Монако құрамасы алға шығып, жалпы есеп 2:1 болды.

Келесі болып Қазақстан құрамасы сапынан Александр Бублик өнер көрсетеді. Қазақстанның бірінші ракеткасы Валантен Вашроға қарсы ойнайды.