Аргентина құрамасының капитаны «Дэвис Кубогының» іріктеу кезеңінде Қазақстанға қарсы кім ойнайтынын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Аргентиналықтарға қарсы ойын 3-4 ақпан күндері Росариода өтеді және үш сет форматындағы төрт жеке, бір жұптық матчтан құралады.

Аргентина командасының құрамы төмендегідей:

- Франсиско Серундоло (№21 АТР)

- Себастьян Баэс (№29 АТР)

- Томас Мартин Этчеверри (№32 АТР)

- Орасио Себальос (Әлемдік жұптық рейтингте №7)

- Андрес Мольтени (Әлемдік жұптық рейтингте №13)

Бұған дейін Қазақстан және Аргентина құрамалары екі рет кездесті. 2011 жылы оңтүстік америкалықтар 5:0 есебімен жеңсе, 2017 жылы Қазақстан теннисшілері сол кездегі турнир чемпионынан 3:2 көрсеткішімен озған еді.