Қазақстандық былғары қолғап шебері Диана Мағауияева Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Әлем кубогы ақтық кезеңінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұрымды боксшымыз 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Диана жартылай финалда Польша өкілі Агата Кацмарскамен қолғап түйістірді. Польшалық боксшы басымдық танытып, жеңіске жетті.