Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Бразилиядағы ITF сериясындағы турнирге қатысуда, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Попко жергілікті теннисші Пауло Андре Дос Сантосты екі сетте ұтты, 6:3, 6:1.

Бұған дейін Аргентинаның Тукуманындағы турнирде Попко финалға шыққан еді. Бірақ ауа-райына байланысты матч өткізілмеді, ал ұпайлар финалистерге тең бөлінді.