Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Бразилияның Сантос қаласындағы «Челленджер» сериясының жекелей ойындарындағы екінші матчын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық спортшы аргентиналық теннисші Ернан Казановамен ойнап, екі сетте 4:6, 6:7 есебімен жеңілді. Ойын турнирдің 1/8 финал кезеңінде өтті.

Айта кетейік, 27 жастағы қазақстандық спортшы қазіргі уақытта ATP жеке рейтингісінде 223-ші орында, ал аргентиналық теннисші 346-шы позицияда жайғасып тұр.