Қазақстандық шабуылшы Константин Двуреченский өз мансабын «Барыста» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды  Sport Plus Qazaqstan 

Шайба.kz сайтының мәліметіне сәйкес, маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынын хоккейші астаналық клуб аясында өткізбек.

Бұған дейін Астана түлегі Қазақстан чемпионатында  «Сарыарқа» және «Теміртау», Jastar Hokei Ligasy аясында «Қыран» және «Барыс» сапында ойнаған.