Қазақстандық файтер, АСА лигасының чемпиондық белбеуіне бұрынғы үміткер Евгений Егембердиев 12 қыркүйекте Краснодарда өтетін АСА турнирінде октагонға қайта оралады, деп хабарлайды Sport+.

«Метис» лақап атымен танымал жауынгер ауыр жарақатынан айықты. Евгенийдің соңғы жекпе-жегінде бицепсі жыртылып кеткен болатын.

Оның қарсыласы шешенстандық Арби Агуев (40-13) болады.