Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дохадағы WTA турнирінің финалында ұтылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Шешуші матчта Рыбкина әлемнің бірінші ракеткасы поляк қызы Ига Швентекке есе жіберді. Екі сет нәтижесі - 6:7, 2:6.

Дохадағы турнирдің жүлделі екінші орны үшін Рыбакинаға 308 320 доллар (650 ұпай) тиесілі. Ал Швентек 523 485 доллар және 1000 рейтингілік ұпайға ие болды.