Қазақстан теннис құрамасының өкілі Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы италиялық Жасмин Паолиниден басым түсті.

Матч екі сетке созылып, Рыбакина 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Финалда Елена Рыбакина Ресей өкілдері Диана Шнайдер мен Екатерина Александрова арасындағы кездесудің жеңімпазымен өзара мықтыны анықтайды.