2022 жылғы Уимблдон турнирінің чемпионы Елена Рыбакина 2025 жылғы WTA маусымдық финалының жартылай финалына мерзімінен бұрын шығып, Серена Уильямс тобында бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Sport+.

Бұл нәтиже америкалық Аманда Анисимова өз отандасы Мэдисон Кисті 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңгеннен кейін белгілі болды.

Топтық кезеңде Рыбакина екі жеңіске жетті: алдымен Анисимованы 6:3, 6:1 есебімен, кейін Польша өкілі Ига Швёнтекті 3:6, 6:1, 6:0 есебімен ұтты.

Бұл — қазақстандық теннис үшін тарихи жетістік. Елена — WTA маусымдық финалының жекелей сындарында жартылай финалға шыққан алғашқы қазақстандық теннисші атанды.