Астана күніне орай қалалық ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен бәйгеден республикалық «Астана кубогі» турнир өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Еліміздің барлық өңірінен үздік шабандоздар «Астана-Талапкер» тасжолындағы елордалық ипподромда бақ сынайтын болады.

Жарыс бағдарламасында 7 шақырымдық «Құнан» және «Жорға», 15 шақырымдық «Топ» және 22 шақырымдық «Аламан» бәйге бар. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 30 миллион теңге.

Жарыс 8 шілдеде сағат 12.00-де басталады. Кіру тегін.