Жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпиондық белбеуге үміткер Елжан Алиасқар NAIZA 83 турнирінде өнер көрсетеді.

Оның қарсыласы Абдулманап Нұрмагомедов атындағы мектептің өкілі Магомедтагир Мирзалабаганов болады.

Әлиасқар соңғы жекпе-жегін MLG лигасында өткізіп, нокаутпен жеңілген еді. Енді ол туған елінде жеңіспен оралуды көздеп отыр.

Турнир 23 мамыр күні Алматыда өтеді. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында көрсетіледі.