Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака 2026 жылғы Еуропа чемпионатының Данияға қарсы іріктеу ойынының дайындығына шақыртылған аяқдопшыларды атады, деп хабарлайды Sport+
Команданың оқу-жаттығу жиыны 27 қаңтар күні Астанада басталады. Тізімге 16 ойыншы енгізілді.
Футзалдан Қазақстан құрамасы:
Қақпашылар: Лео Игита («Семей»), Нарун Сериков («Қайрат»), Рауан Сисенғалиев («Аят»);
Алаңдағы ойыншылар: Біржан Оразов, Даурен Тұрсағұлов, Жахангир Рашит, Арнольд Кнауб, Дамир Қайырбай (барлығы – «Қайрат»), Дуглас («Әл-Ула», Сауд Арабиясы), Ақжол Дарібай, Ержан Карменов, Ринат Турегазин (барлығы – «Семей»), Азат Валиуллин, Ерсұлтан Сағындықов (екеуі де – «Аят»), Лео Мендонка (РФШ, Латвия), Ильяс Бердалин («Астана»).
Естеріңізге сала кетсек, 1 ақпан күні Қазақстан құрамасы сырт алаңда Еуро-2026 іріктеу матчы аясында Даниямен кездеседі. Ойын Сённерборг қаласындағы «Броагер Спарекассе Скансен» аренасында өтеді. Басталуы Қазақстан уақытымен – 19:00.
5 ақпан күні Кака шәкірттері дәл осы ойынды өз алаңында өткізеді. Матч Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында 19:30да басталады. Екі тур нәтижесінде Қазақстан құрамасының 4 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр.
